389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 7 ауыл әлі газсыз отыр

  • 203
  • UPD: 21:56, 26.09.2019
Түркістан облысында 7 ауыл әлі газсыз отыр

Түркістан облысының Төлеби ауданында бір аптадан бері 1700 ден астам тұрғын үй табиғи газсыз отыр.

Оған ауылға баратын магистральді газ құбырынан шыққан ақау себеп. Естеріңізде болса, біз бұл туралы өткен жаңалықтарда айтқанбыз. Қазір жергілікті әкімдік құбырдағы ақауды қалпына келтіргенімен, аудандағы 7 ауыл мен екі ірі кәсіпорын және жиырмадан астам коммуналдық мекемеге әлі де көгілдір отын жетпеген. Аймақтағы газ таратушы мекеме апат кезінде далаға кеткен отынның 33 миллион теңгесін әкімдік өтемесе, газ бірден берілмейді деп отыр. Өйткені елді мекенге тартылған құбыр аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне қарайды. Осыдан кейін жергілікті әкімдік газ таратушы компанияға шығынды өтейтіндігі туралы кепілдік хат жіберген. Қазір газ таратушы мекеме құбырларды тексеріп жатыр. Елді мекендерге көгілдір отын осы жұмыстар аяқталған соң жіберіледі, дейді мекеме мамандары.

Нұрлан Оспанов, Төлеби аудандық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Қазіргі күнге есептеп бергені – 33 миллион теңге. Бірақ біз қаржыны бүгін-ертең төлеп береміз деп жатқанымыз жоқ. Өйткені олар бізге бұл қаржының қайдан шыққанын анықтап беруі керек. Көзіміз жеткен кезде ғана өзіміздің бюджетті нақтылау кезінде тиісті қаражатты қарастырып, кеткен шығындарды төлеп беруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы