389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада электробус жүреді

  • 217
  • UPD: 23:15, 26.09.2019

Елордалықтардың қоғамдық тасымал қызметіне көңілдері толмайды.

«IKomek» орталығына түсетін арыздар өз алдына, Nur Otan партиясының қалалық филиалына да шағымданатындар көбейген. Партияның «Еркін пікір» ашық алаңында жергілікті билік, тасымалдаушы компания және партия өкілдері қоғамдық көлік проблемаларын бірлесіп талқылады. Қаладағы осы өзекті мәселені шешу үшін биыл 100 электробус алу жоспарда. Қазір тендер жарияланған. Қоғамдық көліктің бұл түрі былтыр арнайы сынақтан өткен еді. Мамандар «елорданың климатына қолайлы» деп баға берген. Электробустар жолға шыққан кезде күніне 1000 жолаушы тасымалдайды деген болжам бар. Ыңғайлы болу үшін қаланың бірнеше жерінде қуаттау орталықтары ашылады. 

Жеңіс Жалбыр, «Астана-LRT» ЖШС өкілі:

– Бұл көліктің тиімділігі, экологиялық жағынан жақсы әсері бар. Атмосфераға залал келтіретін шығымдар жоқ. Кейін экономикалық тиімділігі өте жақсы. Өйткені, жанармайға айтарлықтай қаражат кетпейді. Және жүріске байланысты, қозғалтқыш болмайды. Жылдамдықты өзгертетін тетік болмайды. Соған байланысты экологиялық, баяу жүретін, қауіпсіздікке де жақсы көлік болып табылады.

Ерлан Қаналимов, Nur-Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– Сондықтан бүгін сол мәселені қарап, нәтижесі бойынша нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны партияның отырыстарында қарап, шешілуіне үлес қосамыз. Және бұл жерге мәслихаттың партиялық фракциясы қосылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы