388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайық өзенін сақтап қалу мақсатында ғалымдар арнайы бағдарлама қабылдамақ

  • 255
  • UPD: 23:14, 26.09.2019

Еліміздегі көптеген өзен-көлдің суы жыл санап сарқылып барады.

Көптеген өзен бастауын көршілес мемлекеттерден алады. Сондықтан арнасын бақылау және судың мол болуын біздің ел қамтамасыз ете алмайды. Ресейден келетін өзендердің суы да біршама тайыздап кетті. 

Бүгін Атырауда Қазақстан мен Ресей федерациясына ортақ өзендерді пайдалану және қорғау комиссиясының отырысы өттті. Халықаралық комиссия мүшелері түйткілді мәселелерді сарапқа салып, екі мемлекеттің Үкіметіне ұсыну туралы шешім қабылдады. 

Қазақстан мен Ресей территориясы арқылы мыңдаған шақырымды басып өтетін Жайық, Қиғаш, Ертіс, Тобыл, Есіл, Үлкен және Кіші аталатын трансшекаралық өзендердің тағдырына бей-жай қарауға болмайды. Арнасы мүлде тайыздап бара жатқан Жайық өзенін сақтап қалу мақсатында ғалымдар арнайы бағдарлама қабылдамақ.

Сергей Громов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Бұл бағдарламада ғалымдар мен сарапшылардың зерттеулері басты назарға алынады. Ең алдымен анықтайтын мәселе – неліктен су азайып кетті, бұған қандай ішкі сыртқы факторлар әсер етіп отырғандығын негізге аламыз. 

Ғалымдардың айтуынша, судың азаюы табиғи құбылыс емес. Сондықтан Жайық өзенінің арнасына салынған жасанды су қоймаларының барлығы тексеріледі. Одан кейін арнайы жоспар бекітіліп, өзенді сақтап қалу шаралары қолға алынады.  

Вадим Ноканоров, РФ су ресурстары агенттігі төрағасының орынбасары:

– Ең бастысы, екі ел арасында ақпарат алмасуды жетілдіріп, өзара түсіністік қалыптастыру қажет. Ек жақтың сарапшылары да ашық болуы тиіс. Біз әріптестік орнатуға және көктемгі мол тасқын мезгілінде суды көбірек жіберуге даярмыз.   

Комиссия мүшелері өзен-көлдердің арнасын қайта қалпына келтіру үшін көктемгі жауын-шашын маусымын барынша пайдалану қажеттігіне баса мән берді. Ал жасанды су қоймаларын толтыру маусымы кезінде негізгі өзен арнасынан баратын судың көлемін екі жақтың мамандары бірігіп бақылауы тиіс. Сонда ғана таразы басы тең болмақ.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы