389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темір жол саласында жемқорлық толық жойылмақ

  • 210
  • UPD: 23:18, 26.09.2019

Темір жол саласында жемқорлықты жою. «Қазақстан темір жолы» компаниясының топ-менеджерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері осы мәселені бірлесіп талқылады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының негізі қағидасының бірі – жемқорлық қылмысына қарсы «нөлдік төзімділік». Осы мақсатта теміржолшылар мен жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесіп жұмыс атқаруда. Тараптар темір жолдағы парамен күресу жолдарын бірлесе талқылады.

Ирина Капанова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ комплаенс қызметінің жетекшісі:

– Біздің қызмет толық талдау жасап, осал тұстарды анықтап, ұсыныстар енгізді. Яғни бұл ұсыныстар жоспарлы шаралар жасау үшін компания басшыларына жолданады. Ол іс-шаралар алдағы жылдары орындалады. Бұл жұмыстар жыл сайын жүргізілуде. Біздің қатарымызда ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, әділ қызметкерлер болуы керек.

Пойыздарда жемқорлықты жою үшін барлық үрдісті автоматтандыру жоспарланып отыр. Ол өзінің тиімділігін көрсете бастады. Мысалы, электронды билет сату жүйесі жаңартылғалы, оң нәтиже болған. Жүк тасымалы саласына да жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Тасымал құжаттарын қағаз түрінде емес, электронды рәсімдеуге көшіру адамдық факторды азайтады.

Анар Жарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

– Біздің агенттіктің басты міндетінің бірі – жемқорлықтың алдын алу және ескерту. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен біраздан бері әріптестік орнаттық. Ортақ «жол картасы» жасалып, іс-шаралар жоспары бектіліген. Көп жұмыс істелді. Мақсатымыз – теміржол саласындағы жемқорлықты болдырмау.

Сарапшылардың пікірінше, қызмет көрсету саласы мемлекеттік сатып алу және мамандарды басқару қызметі жемқорлық қылмысы бойынша осал тұстар саналады. Осы орайда ұлттық тасымалдаушы жемқорлық қылмысының алдын алу және қадағалуды қатаңдатуды күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы