389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Найза 2019» оқу-жаттығуы өтті

  • 220
  • UPD: 23:16, 26.09.2019

Алматы облысындағы «Көктал» әскери полигонында «Найза 2019» атты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

ТМД мемлекеттері шекарасындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатындағы халықаралық жаттығуға Қазақстанмен қатар Ресей, Беларуcь, Армения мен Қырғызстанның мамандары қатысты. 

Қазақ-қытай шекара шебінде бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жұмысы бір ай бұрын басталған. Бес елдің жоғары шенді әкерилері жалпы ережелерді бекітіп, тактикалық іс қимылдарды пысықтап алды. Дәл осындай жаттығуларда жауынгерлік жасақтың дайындығы, мен техника тегеуріні тексеріледі.

Алмас Садуақас, тілші:

– Алдын ала әзірленген бойынша өрбитін жаттығу барысында лаңкестер елді мекендегі аңшылық дүкенінде жасырынып, ішіндегі адамдарды тұтқынға алды. Олармен өз еркімен берілу жөніндегі келіссөз нәтижесіз аяқталғаннан кейін шекарашылар шабуылға көшті.

Мұндай жағдай бола қалған сәтте десанттық шабуылдау тобының жауынгерлері ширақ қимылдау керек. Қауіп-қатер төнгенде олар еш мүдірмей, бұйрықты мүлтіксіз орындауы қажет.

Бағлан Серіков, 2022 әскери бөлім сарбазы:

– «Найза 2019» жаттығуына бір ай дайындалдық. Күндіз түні осындамыз. Әр қадамымызды ойластырдық.

Дәулет Жұмабеков, ҚР ҰҚК ШҚ директорының орынбасары:

– Жыл сайын алдымызда тұрған мақсаттарымыз, тапсырмалар көбейтіліп жатыр. Жауапкершілік көп. Төрт жыл бойы Қазақстанда өткізіп жатырмыз. Келесі жылы Ресей Федерациясында жоспарланып отыр.

Жаттығуда алғаш рет шынайы соғыс жағдайында жұмсалатын оқ дәрілер мен зеңбіректер қолданылды. Қолбасшылық тарапынан берілген тапсырмаларды орындау деңгейі әлі талқыланады. Жалпы «Найза» әскери шарасы ең алдымен шекара шебінде болуы ықтимал қарулы қақтығыстардың алдын алып, жауынгерлік жасақтың пәрменін күшейтуге незіделген.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы