386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды

  • 345
Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды

Алматы қаласында Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды.

Невада-Семей қозғалысының 30 жылдығына арналған шара барысында қоғам қайраткерлері, жастар «Атакент» саябағына алма ағаштарын екті. Айта кетейік, бұған дейін «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы Қазақстан бойынша 18 миллион түп ағаш жобасын бастаған болатын. Бүгінгі шара сол игі істің жалғасы. Ал ақын, қоғам қайраткерінің құрметіне ашылған аллеяға «Жеңімпаздар даңқы», «Шығыс», «Рахат» деп аталатын 60 түп алма ағашы егілді.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы ұлттық кеңес мүшесі:

– Біздің негізгі мақсатымыз – әрбір қазақстандыққа бір тал отырғызу акциясын іске асыру. Сол арқылы қазақстандықтарды экологиялық мәдениетке үйрету.

Хабар 24 телеарнасы