389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде зағип жандар жұмыс істейтін цех жабылудың алдында тұр

  • 208
  • UPD: 08:39, 27.09.2019
Ақтөбеде зағип жандар жұмыс істейтін цех жабылудың алдында тұр

Экологияға залалы жоқ қағаз қаптамаларға сұраныс болмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде ашылған әлеуметтік кәсіпкерлік нысанының жұмысы тұралап қалды. Бұл өндірісті өңірдегі зағип жандар қоғамы өткен жылы игерді. Цех минутына 60 дана дайын тауар шығаруға қауқарлы. Яғни, Ақтөбеден бөлек барлық батыс өңірдегі төрт облысты да қамтуға мүмкіндік береді. Бірақ өндірісте еңбек ететін мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыссыз отыр. Себебі шағын дүкендерден бастап ірі сауда желілеріне дейін экологиялық таза өнімнен гөрі полиэтилен қалталарды таңдайды. Зағип жандарды жұмыспен қамтып отырған өндіріс мемлекеттік қолдауға ғана иек артуға мәжбүр.

Дәметкен Жолмағамбетова, «Қазақ зағип жандар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры:

- Қазір біз қоймамызды толтырып қойдық. Шикізат та жеткілікті. Тек сұраныс жоқтың қасы. Қазақстанның барлық өңірлерімен байланыстамыз. Бірақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдап, тауар сатып алуға ниет білдірушілер жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы