389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлемде тәтті картоп өсіруден жетекші орынға ие болуы мүмкін

  • 189
  • UPD: 10:07, 27.09.2019

Бұл – Сеулдегі халықаралық семинарға қатысушылардың пікірі.

Биология мен биотехнология институтының басшысы Қабыл Жамбакиннің айтуынша, 2013 жылы оның институты корейлік әріптестерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы құжат аясында тәтті картоп көшеттері алынды. Батат Қазақстан жерінде жақсы өнім берді. Бұл дақылдың кейбір түрлерінен әр гектардан жиырма тоннаға дейін өнім алынды. Қазір оны Алматы облысындағы бірнеше шаруашылықтар өсіруде. Оңтүстік Корея компаниялары Қазақстанда тәтті картоп өңдейтін зауыттар ашуға қызығушылық танытып отыр. Себебі Корея Республикасында бұл өсімдікті егуге егістік жер жетіспейді. Тәтті картоп оңтүстіккореялықтар арасында өте танымал. Бұл өнімге деген қызығушылық қазақстандықтар арасында да өсті. Өйткені оның пайдалы қасиеттері ғылыми дәлелденген. Қазақстан өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты тәтті картоптың құрамында пайдалы заттардың көп мөлшері бар екенін растады.

Қабыл Жамбакин, ҚР БҒМ биология мен биотехнология институтының бас директоры:

- Кореялық кәсіпкерлер бізбен бірге тәтті картоп өсіруге қаржы салуға ниетті. Бұл біздің жерімізде бататты өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы крахмал шығару үшін. Және оны Қытайға немесе Еуропаға жіберуге болады. Себебі бұл дақыл Кореядан гөрі біздің жерде жақсы өседі.

Квак Санг Су, корейлік биоғылым және биотехнологияны зерттеу институтының профессоры:

- Әлемдегі тәтті картоптың жалпы көлемінің 75%-і Қытайда өсіріледі, егер себу мәселесі шешілсе және бағасы Қытайға қарағанда төмен болса, онда Қазақстан өз өнімдерін сол жерге жеткізе алады. Тәтті картоп Еуропаға шикі және ұнтақ немесе кептірілген түрінде жеткізіледі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы еліңізге үлкен пайда әкелуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы