388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған бас маман сотталды

  • 236
  • UPD: 11:08, 27.09.2019
БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған бас маман сотталды

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы И.І.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген.

26 қыркүйекте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.І.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзіміне (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.

Ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметі ұсынды 

Хабар 24 телеарнасы