389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының «Жетісу арба бәйгесі-2019» шарасы аяқталды

  • 233
  • UPD: 12:07, 27.09.2019
Алматы облысының «Жетісу арба бәйгесі-2019» шарасы аяқталды

Алматы облысының Кеген ауданында «Жетісу арба бәйгесі-2019» шарасы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 күнге созылған бұл жарысқа қазақ жастарымен қатар Үндістан, Қытай, Өзбекстан мемлекеттерінің Алматыдағы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттері қатысты. Халықаралық университеттердің шәкірттері негізінен екі дөңгелекті ат арбамен жарысқа түсті. Қатысушылар өз бетінше лагерь құрып, көшпенділердің тұрмысын кеңінен насихаттауға тырысып бақты. Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылған арба бәйгесінде, әрине, қазақ жастары өзгелерден оқ бойы озық тұрды. Үндістан мен Өзбекстан құрама командалары да жақсы өнер көрсетті. Дегенмен, ұйымдастырушылар, бұл жарыста достық жеңгенін мәлімдеп, барлық командаларға кубок табыс етті. Ал келесі жылы өтетін арба бәйгесіне Гарвард, Оксфорд, Кембридж университетінің студенттері шақыртылатын болады.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы:

- Бір-бірінің мәдениеттері мен аспаздығы бар, көш барысындағы қазақ үйлерді тігіп, оны құрастырып, сонымен қатар ат, арбаларды көру, оларды баптау мәселесімен қатар біздегі басты мақсат – студенттер арасында, жастар арасында насихаттап жүрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықаралық достықтың нығаюына әсер етеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы