389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар да жаһандық проблемаларды шешуге атсалыса алады

  • 194
  • UPD: 14:13, 27.09.2019
Жастар да жаһандық проблемаларды шешуге атсалыса алады

Бұл туралы елордада 2 күнге созылатын халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және Елбасы кітапханасы ұйымдастырған шараға 250-ден аса делегат қатысты. Шара «Орталық Азия БҰҰ-ның екінші моделі» тақырыбын арқау етті. Бұл белсенді жастар үшін түрлі мәселелерді талқылайтын диалог алаңына айналып отыр. Жиынның алғашқы күні оқушылар мен студенттер жойылу алдында тұрған тілдерді сақтап қалу мәселесін көтерді. «Бұл жас буынға өз ойын ашық білдіруге таптырмас мүмкіндік», - дейді ұйымдстырушылар.

Алихан Бахрадинов, Орталық Азия БҰҰ моделі үйлестіру орталығының басшысы:

- Бүгінгі іс-шара жоғарғы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушыларының жоғарғы сыныптарына арналған БҰҰ-ның толық моделі болып табылады. Бұл жерден жастар маңызды тақырыптарды араға салып, дискуссия өткізеді. Қазақстанның 11 өңірінен келген қатысушылар бар оған қоса, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан елдерінен қатысушылар бар.

Хабар 24 телеарнасы