389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде балалар үйі болмау үшін фостерлі отбасы институтын енгізу қажет – А.Саин

  • 217
  • UPD: 15:44, 27.09.2019

Еліміздегі балалар үйін түгелдей жауып тастауға болады.

Ол үшін бізге фостерлі отбасы институтын енгізіп, бірте-бірте ықпалын күшейте түсу қажет. Бұл жөнінде бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейінгі кезде елімізде балалар үйінің саны азайып келеді. Дегенмен, ел аумағында әлі күнге 109 мекеме жұмыс істеп тұр. Ал, ондағы балалар саны 5 мыңға жуықтайды. «Енді бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қамқоршы жанұялардың саны мен мүмкіндігін кеңейту керек», - дейді. Бұл тәжірибе шетелде кеңінен қолданылады. Соның арқасында мемлекеттің мойнындағы жүктемені азайтып, балалардың әлдеқайда емін-еркін өсуіне жағдай жасалады.

Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Асырап алу, қамқоршылық және патронат деген түсініктер бар. Біз енді осы үш бағытты да жетілдіріп, кәсіпқой фостерлі отбасылар құруды қарастырып жатырмыз. Сәйкесінше, жетім қалған балалардың жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік ашылады. Елімізде балалар үйі болмау үшін осындай 500-ге жуық отбасы қажет.

Хабар 24 телеарнасы