389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аружан Саин мерекелік іс-шаралардан бас тартып, қаржыны балаларға бөлуді ұсынды

  • 485
  • UPD: 16:15, 27.09.2019
Аружан Саин мерекелік іс-шаралардан бас тартып, қаржыны балаларға бөлуді ұсынды спутник.кз

Концерттер мен мерекелелік іс-шараларға кететін қаржыны балаларға бөлу қажет. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин жергілікті атқарушы органдар мен аймақ басшыларына осындай үндеу тастады.

«Қаржылық саясатты қайта қарап, мұндай шараларды қысқарту қажет. Одан үнемделген қаражатты балаларға жұмсасаңыздар, бір жылдан кейін балалардің өздері-ақ өнер көрсетіп, мерекелік шаралар жасап береді. Осылайша балалар сондай іс-шаралар арқылы бір-бірімен спортта да, өнерде де сайысатын болады», - деді Аружан Саин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз сөзінде балалар мен жасөспірімдер бұзақылық істерге бармас үшін бала өз уақытын спортпен, ғылыммен, өнермен айналысуға және өзін-өзі дамытуға арнауы тиіс екендігін айтып өтті.

«Балаға қажеттінің бәрі қолжетімді болуы керек. Әр аймақта үйірмелер толыққанды жұмыс істеп тұруы қажет», - деді ол.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

«Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол жоспар бойынша әр балаға кем дегенде екі үйірме қолжетімді болуы тиіс. Осылай етсек, қаражат балаларға жұмсалып, әр бала сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік алар еді», - деді Аружан Саин.

Авторы: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы