Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім әлемдік, ал тәрбие ұлттық болуы керек – Асылы Осман

  • 266
  • UPD: 16:05, 27.09.2019

Қазір бала тәрбиесі ақсап тұр. Нәтижесінде рухани-адамгершілікке жат радикалды діни ағымдардың жетегінде кеткен жастар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мұның бәрі ұлттық тіліміз бен салт-дәстүрімізден алшақтап кеткеннен болып жатыр», – дейді сарапшылар. «Білім әлемдік, ал тәрбие ұлттық болуы керек. Баланың бойына бесік жырын, ананың әлдиін, әженің ертегісін, атаның өсиетін сіңіру арқылы келеңсіз үрдістерге тосқауыл қоя аламыз», – дейді қоғам қайраткері Асылы Осман.

Қазір елімізде жастарға бағыт-бағдар беріп, отбасылық тәрбиемен айналысатын 77 үкіметтік емес әйелдер ұйымы бар. Алайда олардың басым бөлігі жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу ісінде белсенділік танытып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін әйелдер ұйымының ғылыми-практикалық конференциясында Марат Әзілханов мәлімдеді. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары діни ағымдардан зардап шеккен жастар мен аналарды қолдау мақсатында қомақты қаржы бөлініп жатқанын да атап өтті.

Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

126 жоба іске асырылуда. Жалпы көлемі 235 млн теңге өңірлермен бөлініп жатыр. Мұндай жобалар – жалпылай отбасылық проблемалар бойынша, жастарды тәрбиелеу бойынша және әйелдерге қатысты сұрақтарға бағытталған жобалар.

Асылы Осман, қоғам қайраткері:

Мектеп пен ата-ананың арасында қандай қарым-қатынас бар. Қазір мектеп пен ата-ананы салыстыратын болсам, Алатау мен Қаратаудай айырмашылық бар. Соның бәрі неден? Соның бәрі тәрбиеміздің жоқтығында. Өз жерімізге, өз елімізге жанымыздың ашымағанында. Өз баламызды өзіміз патриоттық рухта тәрбиелемегенімізде. Өзіміздің дінді баланың бойына дарыта алмағанымызда. Осының бәрі айналып келгенде тілге байланысты. Тіл болмаса, ұлт та болмайды.

 

Хабар 24 телеарнасы