388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысының тұрғыны таныстарын 20 млн теңгеге алдап кеткен

  • 239
  • UPD: 16:06, 27.09.2019
Түркістан облысының тұрғыны таныстарын 20 млн теңгеге алдап кеткен mensagenscomamor.com

Биыл маусым айында Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды otyrar.kz

Ол өз арызында 2 жыл бұрын ауыл тұрғыны қымбат шетел көлігін алып беруге уәде беріп, алдау жолымен одан 1 300 000 теңгесін алып, бой тасалағанын көрсетеді.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша полиция бөлімінің СДТБТ-ға тіркейді. Осындай мазмұндағы арыздармен полицияға ауданның тағы 4 тұрғыны жүгінген.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Түлкібас ауылының көшелерінің бірінде күдікті ретінде жас жігітті ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеуші күдіктінің 2017-2018 жылдар аралығында алаяқтық сипаттағы қылмыстарды жасап, өзінің ағасына астанадан арзан бағада көлік алып беруге, сонымен қатар өзге де жәбірленушілерге жер мен үй алып беретінін айтып арам оймен ақшаларын қалтаға басқаны толық дәлелденді.

Жалпы алғанда, алаяқ жерлестерін 20 000 000 теңгеден астам сомаға алдап кеткен. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Хабар 24 телеарнасы