389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек

  • 295
  • UPD: 16:39, 27.09.2019
Сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек алау.кз

Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағында шығарылған сыра мен шараптың тауарлық белгісі мен атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау ұсынылады. Бұл Интернет желісі мен шетелдік кабельдік телеарналарды мұндай жарнаманың орналастыруымен, ал қазақстандық БАҚ бұл кіріс көзінен айрылып отырғанымен байланысты. Бұл сусындардың жарнамасы газеттердің бірінші және соңғы беттеріне, журналдардың мұқабасына жарияланбауы тиіс. Телеарналар үшін мұндай жарнама сағат 22-00-ден 06-00-ге дейін ғана рұқсат етіледі», - деді Бақнияз Қарашина.

Департамент басшысының айтуынша, мұндай жарнамалардың алкоголь өнімдерін шамадан тыс ішудің зияны туралы міндетті ескертуі болады.

Хабар 24 телеарнасы