386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында МӘМС аясында азаматтардың мәртебесі анықталып жатыр

  • 353
  • UPD: 18:58, 27.09.2019
Қарағанды облысында МӘМС аясында азаматтардың мәртебесі анықталып жатыр

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіні белгілі. Осыған байланысты Қарағанды облысында қыркүйек айынан бастап пилоттық жоба өткізілуде.

Жергілікті тұрғындарға қосымша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі де ұсынылатын болады. Оның ішінде медициналық алдын ала тексеру мен оңалту қызметтері көрсетіледі. Осы мақсаттарға ел қазынасынан 2 млрд 300 млн теңге бөлінген. Арнайы медициналық мекемелерді қаржыландыру мәселесі конкурс негізінде шешіледі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазір енді ең үлкен мәселе ол Қарағанды облысында әр азаматты медициналық мекемеге келгенде оның сақтандырылған мәртебесін анықтау. Сонымен осындай жұмыс басталды. Ондай мүмкіндік біздің ақпараттық жүйелер береді. Ал екіншіден қосымша беріліп жатқан тегін медициналық көмектерді бақылау және есеп алу осыған да байланысты қажетті техникалық жұмыс өткізілуде.

Хабар 24 телеарнасы