389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмысқа тұру үшін таныс пен ақша керек – Шымкенттіктер

  • 245
  • UPD: 22:31, 27.09.2019

Шымкентте де пара беру тыйылмай тұр. Тіпті 40 мың теңге жалақысы бар еден жуушының орны үшін 400 мың теңгеге дейін ақша ұсынғандар бар.

Жасын Біркенов, тілші:

- Жұмысқа орналасу үшін пара алды деген айыппен сотталған азаматтарды бірі мына номері 3 музыкалық мектептің директоры болған екен. Қазір осы білім ошағына кіріп, барлық мән-жайды біліп алайық. 

Саз мектебінің дәлізінде орындалатын мынадай әуезді әуен әсемдік әлеміне жетелеуі тиіс, бір әттеген-айы болмаса. Жеңіл ақшаға желіккен директор концертмейстер қызметіне сұранған азаматтан 420 мың теңге пара талап еткен. Осылайша мәдениет һәм білім ошағының шырқын бұзды. Алайда мектептің қазіргі жетекшісі бұрынғы басшының былығынан бейхабар. 

Бақытгүл Рыспанбетова, №3 балалар эстетикалық саз мектебі директорының міндетін атқарушы:

- Эстетикалық саз мектебінің директоры Әжібаев деген азамат осы жерге жұмысқа орналасу үшін концертмейстер қызметіне пара алды деген айып тағылып, сотталған болатын. Ол рас па?

– Білмеймін. Ол кісі сол күні өз өтініші бойынша жұмыстан шығып кеткен.

– Ұсталынған күні ме?

– Иә. 

Бақытгүл Рыспанбетова,  №3 балалар эстетикалық саз мектебі директорының міндетін атқарушы:

- Сейчас уже таких проблем нет, никто взятки не предлагает? /нет наверное/ наверное?/ ну а кому? 

Өкініштісі сол, Шымкентте жемқорлық тамырын білім саласында терең жайған.

Қамал Қабылбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- Бізге жеке қабылдауда балабақша қызметкерлері шағымданып жатады. Жұмысқа орналасу кезінде пара бергенбіз дейді. Меңгерушілер азық-түлікті үйлеріне апарады. Тәрбиешілерді заңсыз үйлерінде жұмыс істеткізеді деген деректер көп. 

Пысықайлардың жұмыс орындарын саудалап, қып-қызыл бизнес жасап жүргендері туралы шымкенттіктер білмейді емес, біледі. 

БЛИЦ:

- Жұмысқа орналасу қиын емес. Жұмыс бар негізі. Бірақ жұмысқа орналасу үшін танысың болуы керек. Сосын ақшаң болуы керек.

– Сонда пара беру керек пе?

– Пара беру керек жұмысқа орналасу үшін бізде. 

- Қандай да бір жұмысқа орналасу үшін ақша беру керек дейді. Рас па?

– Рас. Өтірік емес.

Мектепке, садикке кіргендердің бәрі пара беріп жатыр ғой.

– Қаншадан?

– Әркімнің ставкасы әртүрлі. 200-300. 1 млн дейін сұрайды дегенді естіп жатырмын. 

Бұл саладағы парақорлықтың тамырына балта шабуға Ұлттық бюроның мұндағы өкілдігі барынша тырысып жүр. Бірақ нақты дерек пен дәйек керек оларға. Сондықтан қоғам індетіне айналған бұл былықпен тұрғындарды бірлесе күресуге шақырады.

Қамал Қабылбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- 40-50 мың теңге айлық жұмысқа тұрып, 400 мың беретін болса, мысалы есепші, маман ретінде жұмысқа тұратын болса, кредит алады, қарыз алады. Ертең жұмыс істегеннен кейін жалақы жетпейді. Кредитті қайтару керек. Сондықтан заңсыз табыс көздерін іздей бастайды. Сондықтан әрі қарай қылмыс жалғаса береді. 

Тұрғын:

– Бізде балабақшаға орналасу 40-120 мың арасы. Мұғалім не медбике болып орналасу үшін 400 мың теңгеден бастап, 1 млн аралығында.

– Бір қызығы, бір қынжылтатыны, бұл жерде, Шымкентте кәдімгі ставка бар екен.

– Танысың болса, ақшасы аз болады. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Н.Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы