389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жараланған он сапердің екеуі госпитальдан шықты

  • 226
  • UPD: 20:11, 27.09.2019
Арыста жараланған он сапердің екеуі госпитальдан шықты

21 қыркүйекте Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінен Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырылды.

Медициналық мекеме мәліметінше, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен, қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттандырарлық. Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндеттерінен босатылды.  

Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде жатыр. Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.

Әскери-клиникалық гопиталь бастығы медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша, қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда. 2019 жылы 21 қыркүйекте арнайы топ Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы-жабдықталған полигонның аумағында шетел сарапшыларының нұсқаулары мен ұсынымдарына сәйкес, жоспарлы жару жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жарылыс шұңқырының түбінде қол гранатасының тұтандырғыш бөлігі жарылды. Әскери қызметшілер негізгінен терінің тілімделген жаралануы мен жұмсақ тіннің ұсақ жарқыншақтары (1-2 мм) жарақатын алған.

Хабар 24 телеарнасы