389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда балабақшаға кезекке тұрудың жаңартылған нұсқасы енгізілді

  • 223
  • UPD: 22:34, 27.09.2019

Тың жүйе кезекке тұрудан бастап балабақшаға қабылданғанға дейінгі процестерді толығымен автоматтандырады. Мамандар бұл жаңашылдық жемқорлықтың алдын алатынына  сенімді.

Электронды түрде балабақшаға орналасу барысы көптен бері ата-аналардың наразылығын тудырып жүр. Кезекке тұру үшін оларға таңғы уақыттарда компьютер алдында отыруға тура келген. Бұдан жалыққандар белгісіз делдал тұлғалармен  келісіп, солардың көмегіне жүгінген. Ал Ззсыз көмек көрсететін бұл азаматтар 1000 теңгеден  20000 теңгеге дейін сыйақы мөлшерін талап етіп отырған.

Гүлсім Қожахметова, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл жүйе балабақша кезегіне тұру кезінде жемқорлыққа жол бермейтін болады. Толық автоматтандырылған. Яғни ата-аналар өздерінің жеке ақпараттарын енгізу ғана арқылы жүзеге асыра алады. Жаңа жүйе іске қосылмас бұрын ата-аналардың барлық өтініштері мен ұсыныстары назарға алынды.

Жүйе азаматтардың жеке ақпаратын қорғау мақсатында жетілдірілген. Енді кез-келген ата-ана өз өтініштеріне өзгерістер енгізе алады. Мысалы, бұрын телефон нөмірін өзгерту үшін білім бөліміне келіп арыз жазулары қажет болатын. Ал жаңа жүйе өте қарапайым және әрбір ата-ана оның мүмкіндіктерін зерделеп жеңіл түрде қолдана алады.

Дана Ахметова, қала тұрғыны:

- Бірнеше компьтер арқылы интернет арқылы кіре алмайсыз, тек қана әр ата ана өзінің ұялы телефоны арқылы кіріп, баласын балабақшаға орналастыра алады. Индиго қатты ұнады,өйткені барлығы түсінікті, түсінбеген сұрақтар болса сол жерден жауаптарды таба аламыз.

Бүгінде Қарағандыда 40 мыңға жуық мектеп жасына дейінгі бала бар. Олардың басым бөлігі электрондық жүйеге тіркелген. Қалада жүзден астам балабақша бар, орын тапшылығы жоқ дейді мамандар. Сонымен қатар таяуда мектепке дейінгі мекемелердің жанынан  балаларды екі жастан бастап қабылдайтын тағы үш топ ашылды.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы