389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғындары салық төлеуден сергелдеңге түсті

  • 221
  • UPD: 23:56, 27.09.2019

Петропавлдықтарды салық мәселесі сергелдеңге салып қойды. Тұрғындарға кезінде сатылып кеткен көліктеріне, басқа біреудің мүлкіне, тіпті марқұм адамдардың берешегі келіп жатыр.  Бұл жағдайға салық мамандарының өз уәжі бар.

- Машина угнана в 2001 году. Она не найдена... 

Галина Николаенконың 2001 жылы жоғалған көлігін салықшылар еске салды. Темір тұлпар табылмай, іс жабылған. Енді соның салығы шығып тұр. 

Галина Николаенко, қала тұрғыны:

- Маған істің жабылғаны туралы ешкім де айтқан жоқ. Енді 42 мың теңге салық төлеуім керек. Бұл менің зейнетақымның жартысынан асады. Ертерек айтса, әрекет етім ғой. 

Ботагөз Баймағамбетова да осындай жағдайға душар болды. Ол 2000 – ыншы жылы сатып жіберген көлігі үшін 200 мың теңге салық төлеуі тиіс. Қолында келісім–шарты да болса да заңгер әділдік таппай жүр. 

Ботагөз Баймағамбетова, қала тұрғыны:

- Салық департаментінде айтқандай, қарызды көліктің қазіргі иесіне мен төлеткізуім керек екен. Мен оны қайдан табам? Тапсам да, қалай мәжбүрлеймін? Полицейлерге арыз жаздым. Олар маған «көмектесе алмаймыз, ол көлікті сатып алған» деді. Енді екі ортада мен зардап шегіп отырмын. 

Мемлекеттік кірістер басқармасында күнде шу. Ұзын сонар кезек. Тұрғындар 1 қазанға дейін мүлік пен жер салығын төлеуге асық. Бірақ бәрінің төлемдері бірдей емес.

Қуаныш Мұстафин, қала тұрғыны:

- Кісілер көп. Әр түрлі сұрақтармен налог төлеу жа,ғын сұрап отыр. Жаңа біреулері машиналары туралы, біреулері қайтып кеткен адамға налог келген. Сосын басқа адамның налогы келген. Былтырғы болған налог биыл жоқ болып шыққан. Сондай – сондай сұрақтармен отырған халықтар көп. 

Мамандардың айтуынша, қазір азаматтарға соңғы 5 жылдың салығы келіп жатыр. Бұл мәліметтер электронды түрде толтырылады. Олар жұрттың дүрлігуін осылай түсіндіреді.

Оксана Краденова, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Өлген адамдар туралы, туыстары үйдің техникалық төлқұжатын өзгерпеген шығар. Сондықтан олар үлескер ретінде тіркеуде тұр. Жоғалып кеткен көлік туралы айтсақ, иесі қылмыстық іс жабылғаннан кейін оны тіркеуден алмаған. Сондықтан салық саналады. 

Қалай болғанда да, салық төленуі тиіс. Бұйрығы бойынша борышкерлердің қарызы кірістен алынады. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы