389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық көп балалы отбасылар жәрдемақыны кіріске қарамастан төлеуді сұрайды

  • 204
  • UPD: 22:54, 27.09.2019
Павлодарлық көп балалы отбасылар жәрдемақыны кіріске қарамастан төлеуді сұрайды

Павлодарлық көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмек пен арнайы жәрдемақы төлеудің ескі форматын қайтаруды сұрайды.

Олар жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан бала  санына қарай төленуі тиіс дегенді алға тартады. Мәселен, төрт бала тәрбиелеп отырған Шынар Баужанованың мұндай қадам кіріс көлемін жасырудың алдын алады деп есептейді. Бүгінде Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмекті  жаңа форматта 33 мың отбасы алып отыр. 

Шынар Баужанова, «Ulttyn Bolashagy» ҚҚ жетекшісі:

- Көп балалы аналарға жәрдемақы  отбасының кірісіне қарамай төленетін  ескі  формат  қайтарылса жақсы болар еді. Нақты аз қамтылған отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмек сол күйінде қала беруі тиіс. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан бері қоғамда әдейі ажырасу   немесе  кіріс көлемін жасыру сынды келеңсіз оқиғалар көбейген. Көп балалы аналарға жәрдемақы төленуі ең алдымен кепілді мемлекеттік көмек. Бұл бірінші кезекте балаларға қамқорлық.

Хабар 24 телеарнасы