389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер ғимараттардың бірінші қабатында орналасатын болады

  • 247
  • UPD: 23:59, 27.09.2019
Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер ғимараттардың бірінші қабатында орналасатын болады

Ақмола облысында аудандық және қалалық әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелерді ғимараттардың бірінші қабатына көшіру жұмыстары басталды.

Қазірдің өзінде Ерейментау және Сандықтау аудандарының әкімдіктеріндегі бірнеше бөлім халыққа осылай бірінші қабатта отырып, қызмет көрсетеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін Open Space жобасын алдағы уақытта барлық әкімдіктерде жүзеге асыру жоспарланған. Жоба аясында мемлекеттік мекемелердің басшыларын да бірінші қабатқа түсіру қарастырылып отыр. Әзірге облыстағы 22 басқарманың 17-сінің басшылары төменгі қабатқа ауысқан. 

Самира Тәйтенова, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Айта кету керек, аталған шаралар өз жалғасын табады. Біз қазір барлық мемлекеттік мекемелерге ұсыныс хат жолдадық. Олардан бірінші қабатқа көшу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жайлы жауаптар келіп жатыр. Мұның барлығы ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы