389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық саяхатшы 1 жылда 1700 шақырымды жүгіріп өткен

  • 225
Алматылық саяхатшы 1 жылда 1700 шақырымды жүгіріп өткен

Қызылорда облысында «I Run Kazakhstan» марафонының ХI-кезеңі аяқталды.

Алматылық саяхатшы, кәсіби емес атлет Александр Габченко Арал теңізінің жағалауын жүгіріп өтті. Арал аумағы ландшафттық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Экологиялық шеңгелге түскен жабайы, қатаң табиғаттың өзінде керемет көріністер жеткілікті дейді, жиһанкез. Бурабайдан басталған сапар аясында саяхатшы Қазақстанның сулы, нулы, таулы аймақтарын артқа тастап, бір мың жеті жүз шақырым жүгірген. Бұл әрекеті арқылы желаяқ ішкі туризмді дамытып, еліміздің көрікті жерлерін отандастарына танытуды көздепті.

Александр Габченко, саяхатшы:

– Арал теңізін осыдан 10 шақты жыл бұрын велосипедпен толық айналып шыққанмын. Бұл жолы құрғаған табанымен жүгірдім. Әсерім ерекше. Жолай түрлі аң-құс, балықтардың тіс-сүйектерін таптым, қайраңда қалған кемелерді көрдім, керемет пейзаж тамашаладым. Жабайы табиғатта тарих тұнып тұр. Көп таныстарым Аралға келгісі келеді, бірақ қадам жасауға сескенеді. Менің айтарым, теңіз айналасында еш алаңдамай саяхат жасауға болады және өкінбейсіз. Жыл аяғына дейін барлық өңірді аралап шығамын.

Хабар 24 телеарнасы