389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жарақат алған бүркіттің балапаны бостандыққа жіберілді

  • 227
Атырау облысында жарақат алған бүркіттің балапаны бостандыққа жіберілді

Атырау облысында дала бүркітінің балапаны бостандыққа жіберілді. Абайсызда электр желісіне соғылып, жарақат алған түз тағысын табиғат қорғаушылар емдеп, табиғи ортасына қосты.

Естеріңізге сала кетейік, Қызыл кітапқа енгізілген құстың 5-6 айлық балапанын «Теңіз» кен алаңындағы мұнайшылар тауып алған болатын. Жаралы балапан жолға жорғалап жетіп, ұшып кетуге әрекеттенген. Алайда аяқтары басуға келмей, өздігінен жерден көтеріле алмады. Табиғат қорғаушылардың қамқорлығы арқасында бүркіттің балапаны жарақатынан айығып, «Ақжайық» табиғи қорығынан өзінің туған ортасына қанат қақты. Бұл-орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарының екі жылдың ішінде құтқарған тоғызыншы түз тағысы екен.

Азамат Әбілғалиев, жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы:

– Бұған дейін де аққу, үкі және қырғи құстарын құтқардық. Ал жануарлардың ішінде ерекше қорғалатын өзімізджің киік жануарының лағын құтқардық.

Хабар 24 телеарнасы