389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтардың коммуналдық қызметке берешегі 2,6 млрд теңгеге жеткен

  • 221
  • UPD: 14:07, 28.09.2019

Алматы жылу маусымына 100 пайыз дайын.

Бұл туралы бүгін қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы айтты. Алайда халықтың коммуналдық қызметке берешегі 2,6 млрд теңгеге жеткен. Олардың 50 пайызы – ауқатты тұрғындардың қарызы.

Қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы Әсет Дүйсебекұлының айтуынша, инженерлік жүйелер мен мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар күн суытса толығымен іске қосылады. Көмір мен мазут қоры жеткілікті. Мегаполис бойынша бүгінде 3525 үй әлі газ жүйесіне қосылмаған. Бұл – негізінен Алатау, Наурызбай, Түрксіб ауданының тұрғындары. Газ магистраліне 25 метр жақын орналасқан үйлерге газ кіргізу құны – 148 мың теңге. Халық оны бөліп төлесе де болады, дейді әкімшілік. 

Әсет Масабаев, қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы:

- 148 мың теңгенің ішіне кіретін жұмыс бұл – сметалық жұмыс, магистральдік желіні үйге дейін апарып беру, есеп құралы. «ҚазТрансГаз» өкілдері жұмыс жасайды. Бір жылға дейін халықтың бөліп төлеуге құқығы бар. Сол бағытта қазір жұмыс жасап жатырмыз.

Екі млн-нан астам тұрғыны бар қаланың қазір коммуналдық қызметке берешегі 2,6 млрд теңгеге жеткен. Оның жартысына жуығы – ауқатты азаматтар тұратын аудандар.

Әсет Масабаев, қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы:

– Медеу, Бостандық аудандық халық тарапынан қарыз көп. Ол жердегі үйлер қарапайым үйлер емес. Жақсы, нарыққа сай үйлер.

Алматылықтарды мазалайтын басты сұрақ - жыл сайын ауыстырылатын су, жылу құбырлары. Яғни Төле би даңғылында көктемде басталған жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып, көлік қозғалысына қиындықтар туындатты. Ал өткен жылы ғана жөнделген Сәтпаев көшесі мен Тұрғыт Озал, Сәтпаев-Брусиловский көшелерінің қиылысында төселген асфальт қайта опырылып, ойпаң жерлер көбеюде. Сонда жолдың сапасына, оған кеткен есепсіз қаражатқа кім жауапты, – дейді тұрғындар.

Әсет Масабаев, қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы:

– Оған келісеміз. Бұл жұмыстар қазір аяқталып жатыр. Жұмыс уақыты енді 6 айға ғана беріледі. Сосын көп жағдайда жол салынып жатқан кезде, көліктер қатар жүріп отырады. Осы кезде бізде жолды тез ашу мәселесі тұрғандықтан, кейбір жерлерде асығыстық болады. Оны мердігер де мойындап отыр.

Яғни ой-шұңқыры көбейсе, сол жолды салған мердігер компания қайта жөндейді. Ал қалаға жылу қазанның 10-мен 15 аралығында беріледі. Егер ауа температурасы үш тәуілік бойы 8 градустан төмендесе, демек жылу маусымы ерте басталады, дейді, Әсет Дүйсебекұлы.

Авторлары: Алуа Маханбет, Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы