389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жылу әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан бастап беріледі

  • 245
Атырау облысында жылу әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан бастап беріледі

Атырау облысы жылу маусымына 90% дайын.

Ал балабақша, мектеп, емхана, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға күн суытуына байланысты қазан айының 1-нен бастап жылу беріле бастайды. Облыс орталығында 1 мың 71 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 80 процентіне орталықтандырылған жылу электр кешені қызмет көрсетеді. Аудан орталығындағы даярлық жұмыстары да аяқталуға жақын. Мәселен барлығы 7 ауданда 1 мың 648 көп қабатты тұрғын үй болса, соның 3-інде ғана әзірлік жұмыстары бітпеген. Жылумен қамтамасыз етуге жауапты мекемелер келісімшартқа сай жылу беру маусымына дейін барлық жұмыстарды аяқтауға кепілдік беріп отыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері басты кезек әлеуметтік нысандарға берілетіндігін жеткізді. 

Мұрат Иғалиев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

– Әлеуметтік нысандардың барлығы 99,5 және аудандар 99,2 процентке пайдалануға дайын. Енді 15 қазанға дейін олардың барлығы 100% даярланып, жалпы күзгі-қысқы маусымға Атырау облысы дайын деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы