389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық жас кәсіпкерлер: Ерінбеген адамға ауылда жұмыс та, табыс та табылады

  • 221
  • UPD: 15:26, 28.09.2019

Ерінбеген адамға ауылда жұмыс та, табыс та табылады.

Егін егіп, мал өсіруді қолға алған қостанайлық жас кәсіпкерлердің пікірі осындай. Олардың бірі Еуропаның беделді оқу орнында білім алған.

Шетелде қалуға мүмкіндігі болса да, Қазақстанға оралып, ата кәсіпті жалғастырып жатыр. «Еңбекқор жастар» ақпараттық кампаниясы аясында ауыл шаруашылығына тың леп әкелген жас толқынның бірқатарымен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Әділ Ахметов агроном мамандығын иеленіп, қолына диплом алысымен, ауылға асыққан. Келген жері – ескі жұрттай күйі кетіп, құты қашқан бұрыңғы бөлімше. Бірақ ол жағдай жас жігітті жасытқан жоқ. Бастапқыда 26 сиыр алып, кейін «Ырыс» бағдарламаса бойынша мал басын 100-ге көбейтті. Қырсық шалғанда, табыннан бруцеллез анықталып, ірі қара толықтай пышаққа іліккен.

Әділ Ахметов, шаруа:

– Қиыншылықтан қорықпай, жұмыс істесе, бәрі болады. Болашақта қой, сауынды сиыр ұстаймын деп отырмын. Істеймін деген жасқа ауылда жұмыс жетеді.

Екінші кейіпкеріміз Николай Грибак Чехия университетін экономист-менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жақтағы автозауытта жұмыс істеу ұсынысын қабыл алмай, екі жыл бұрын туған жері Жітіқара ауданындағы Ленин ауылына оралған.

Николай Грибак, шаруа:

– Асылық айтқаным емес, біріншіден өз туған жеріме деген махаббат. Ес білгелі егіншілікпен айналысып келе жатқан атам, әкемнің ісін жалғастырсам деген ниет. Сосын қазір ауыл шаруашылығында мүмкіндік мол.Оған мемлекет қолдауы да үлкен сеп.

Атасының ақыл-кеңесімен, алған білімін ұштастыра білген шаруа қожалығының жас басшысы биыл гектарынан 18 центнерден бидай жинағалы отыр. Қуаңшылық жылында бұл – үлкен жетістік. Олар онымен шектеліп қалмақ емес. 2,5 мың гектар егістік алқабын кеңейтіп, астық сақтайтын жаңа қоймалар салу жоспарда тұр.

Авторлары: Мағауи Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы