389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына 28 мыңнан аса адам қатысты

  • 228
  • UPD: 17:05, 28.09.2019
Нұр-Сұлтанда өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына 28 мыңнан аса адам қатысты elorda.info

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Акцияға еріктілер, қала тұрғындары, шағын және орта кәсіп өкілдері, коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері, жалпы, 28860 адам қатысты.

Шара аясында саябақтар мен гүлзарлар жиналып, 1822 ағаш отырғызылды. Полигонға 96 тонна қоқыс шығарылды.

Акция барысында балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын абаттандыру және жабдықтау, тас төсемелерді, бордюрлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар рұқсаты жоқ қоқыс тастайтын жерлер жойылып, сыртқы жарнама демонтажы жасалды.

Естеріңізге салсақ, елордада 16 қыркүйек пен 13 қазан аралығында күзгі экологиялық айлық өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы