389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте алғашқы лазерлі кинотеатр ашылды

  • 204
  • UPD: 21:35, 28.09.2019

Шымкентте Kinopark компаниясының үшінші кинотеатры көрермендеріне есігін айқара ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – еліміздегі Kinopark 4 брендімен ашылған Nauriz Park ойын-сауық сауда орталығындағы алғашқы лазерлік кинотеатр. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстанның эстрада және кино жұлдыздары арнайы қатысты.

Kinopark осыдан 12 жыл бұрын алғашқы кинотеатрын ашуды Шымкенттен бастаған. Ал бүгінде елімізде компанияға тиесілі 70-ке жуық кинозал мен оннан аса заманауи кинотеатр көрермендерге қызмет көрсетіп келеді. Жанға жайлы мәдени орынға келушілерде көп. Мұндай театрлардың көбейгендігі әсіресе отандық киноиндустрия саласында жүрген азаматтарға серпін әкелері сөзсіз.

Әбдірашид Рахметов, Kinopark кинотеатрлар желісінің бас директоры:

- Бізде осы ең көп кинотеатрлардың бірі осы үшінші қала – Шымкент қаласы. Сондықтан мұнда сұраныс өте көп. Мұнда әлде де кинотеатр ашуға болады. Бұл кинотеатрдың дизайнын Kinopark дизайн деген тобымыз бар солар жасаған. Өзі шағын.

Лазерлі Kinopark 4 көрермендеріне арнап алғашқы көрсетілімін отандық режиссердің төл туындысы «Томирис» фильмінен бастады. Тарихи киноға келушілер саны да аз емес. Мұндағы 4 залдағы 333 жанға жайлы орындықтар мен жабдықтар Еуропадан арнайы алдырылған. Ал сандық проекторлар, соңғы үлгідегі аудио жүйе құлаққа жағымды әсер қалдырады.

Ренат Баситов, «Азия тобының» әншісі:

- Ең бастысы – қазақтың киносы көбейсін. Өзіміздің отандық кинолар көбірек түсірілсін.

Ербол Шарипов, «Азия тобының» әншісі:

- Жастарды жаман нәрсеге жетелемейтін осындай үлкен-үлкен кинотеарлар болсын, тағы да басқа ғимараттар ашыла берсін.

Kinopark көрермендерін ұмыт қалдырған емес. Апта бойы түрлі жеңілдіктермен қызықты фильмдерді осында тамашалауға болады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы