389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі сарбаздардың 30%-ін Түркістан облысының ұландары құрайды

  • 247
  • UPD: 22:23, 28.09.2019
Еліміздегі сарбаздардың 30%-ін Түркістан облысының ұландары құрайды

Еліміз бойынша әскерде жүрген сарбаздардың 30%-ін Түркістан облысының ұландары құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылына өңірдегі 18 бен 27 жас аралығындағы жастардың ішінен 4 мыңнан астам бозбала Отан қорғау үшін әскер қатарына алынады. Бұл туралы «Ел тірегі – 2019» күзгі әскерге шақыру науқанына арналған жиында айтылды. Қазір аймақта әскери борышын өтеуге ниетті жастар медициналық тексеруден өтіп жатыр. Денсаулығы жарамдылары әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Әскерге шақырылушылар мен олардың жақын туыстары зерделеуден өтіп, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы мұқият тексеріледі. Ең бастысы – әскерге шақырылған жастың денсаулығы мен психологиялық жағдайы жақсы болуы керек. Айта кетерлігі, өңірде жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеуде түрлі жобалар қолға алынған.

Жандос Күлдербаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

- Дәл қазіргі уақытта облыста 900-ге жуық мектеп болатын болса, соның 715-інде «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтары құрылған. Сонымен қатар «смарт сарбаз» сыныптары ашылып жатыр әр өңірден. Яғни, электроникаға құмар жас өрендерді жинау мақсатында әскери патриоттық «смарт сарбаз» үйірмелері құрылып, республика деңгейінде өзіндік орын алып, ерекшеленіп келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы