389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында көшеде жасалатын қылмыс саны азайған

  • 187
  • UPD: 07:40, 29.09.2019
Маңғыстау облысында көшеде жасалатын қылмыс саны азайған

Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көшеде құқық бұзу дерегі 17,8 процентке төмендеді.

Бұл туралы аймақ жұртшылығымен жүздескен облыстың бас полицейі Қанат Таймерденов мәлімдеді. Тұрғындар көші-қон, жол апаты мен пәтер ұрлығына алаңдайтындарын айтып, оның шешілу жолдарын сұрады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері көпқабатты үйлердің аулалары мен тұрғынүйлердің кіреберістеріне 500 бейнекамера орнатылды. Атыс қарулары бар бір мыңнан астам адамның пәтері қауіпсіздік дабыл беру жүйесіне қосылған. Ал жол апаты мен одан зардап шеккендер саны азаймай отыр. Биыл 8 айда жол көлік оқиғаларынан 38 адам қайтыс болған. 200-дей жолаушы жараланыпты. 

Қанат Таймерденов,  облыстық полиция департаментінің бастығы:

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің алқасында 17 сәуірде берген 4 тапсырмасының бірі – осы жол апатын болдырмау, адам өлімін төмендету. Сол мақсатта халықтың алдында Маңғыстау облысы бойынша іс-шараларды айтып, түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап берілді. Біз ай сайын жолда қабылдау акциясын өткіземіз. Осы қабылдау акциясын халық жақсы қабылдап жатыр. Көбінесе сұрақтардың бәрін сол жерде шешіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы