389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында мыңнан астам мүгедек жанға небәрі 15 инватакси қызмет етеді

  • 198
  • UPD: 14:35, 29.09.2019

Қызылорда облысында мүгедектерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі 40%-ке  артқанымен бір мың үш жүз сырбойылық қамқорлықтан шет қалған.

Мәселен, протездік-ортопедиялық көмек алуға жүгінген 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның 400-дейі аталған медициналық құралмен қамтылмаған. Прокурорлар қағаз жүзінде бәріне жеткізілгені жөнінде есеп берілгенін анықтап отыр. Ал екі балаға ересек адамдарға арналған арба берілген. Жаңақорған ауданында мүгедектердің 154 жеке көмекшілеріне қызмет ақылары бұрынғы коэффициентпен төленіп келген. Жалпы облыс бойынша 30 мың мүгедек бар, оның 7 мыңдайы бала. Осы ретте үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер толықтай курстан өткізілмеген. Мәселен, жаңақорғандық педагогтардың тек 25 проценті, ал Жалағашта инклюзивті білім беру саласы бойынша бірде-бір мұғалім арнайы оқу курсын аяқтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар өңірде инватакси қызметі де жүйелі ұйымдастырылмай отыр. 

Нұркен Тұрғанбай, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Жалпы бізде 1048 мүгедекке небәрі 15 инватакси қызмет көрсетеді. 1 жылда мүгедектерден 16 мыңға жуық сұраныс түседі. Әрине ол жеткіліксіз. Оның өзінде 15 таксидің 8-і мүгедектерді тасымалдауға бейімделмеген. Яғни арбамен жүретін мүгедектерді көтеріп отырғызуға автокөлік мүлде бейімделмеген. Осындай қиындық проблема туындап отыр. Біз облыс әкімінің алдында осы мәселені көтердік.

Хабар 24 телеарнасы