389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қар аралас жаңбыр жауып тұр

  • 157
  • UPD: 14:10, 29.09.2019
Ақмола облысында қар аралас жаңбыр жауып тұр

Ақмола облысының орталық және солтүстік аймақтарында қар аралас жаңбыр жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қыркүйек күні Көкшетауда таңертеңнен бері жылбысқы қар жауып жатыр. «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының мәліметінше, қар аралас жаңбыр Ақмола облысының орталық және солтүстік бөлігінде жауады. Атап айтқанда, Көкшетау, Зеренді, Щучинск, Бурабай, Балкашино, Степногор және Ақкөлде.

«Дәл қазір облыстағы ауа температурасы 0-5 градус аралығында. Таяу күндері бізге Ресейдің орталық бөлігінен антициклон келеді. Соның әсерінен аспан ашылып, жел мен жауын-шашын тыйылады. Ауа температурасы көтеріліп, бірте-бірте күн жылынады», - дейді «Қазгидромет» РМК Ақмола облыстық филиалының синоптигі Лариса Гончарова.

Хабар 24 телеарнасы