389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлға алғашқы қар жауды

  • 227
  • UPD: 14:27, 29.09.2019
Петропавлға алғашқы қар жауды

Бүгін таңда Петропавлға қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түнде жауған қар таңертең қар еріп кетті. Алайда Петропавлдың кейбір тұрғындары осы жылдың алғашқы қарын суретке түсіріп үлгеріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Сондай-ақ қар аудандарда да жауды. Есіл ауданының тұрғыны таңертең суретке түсіріп алғанын жазды.

Қазір қалада ауа температурасы +3 градусты көрсетіп тұр. Таңертең боран соға бастаған еді. Ол тек бірнеше минутқа созылды. 112 қызметі қар аралас жаңбыр жауатынын және ауа температурасының төмендейтінін өңір тұрғындарына алдын ала ескертті.

Хабар 24 телеарнасы