389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасындағы «Топжарған» жобасының кезекті маусымы көрерменге жол тартады

  • 230
  • UPD: 22:01, 29.09.2019

«Топжарған» жобасы тағы да эфирге жол тартты.

Былтыр талай таланттың қолтығын сөгіп, жұлдызын жаққан музыкалық байқау кезекті маусымын бастайды. Биылғы іріктеуге мыңдаған қатысушы келді. Ал енді одан сүрінбей өтіп, шешуші сынға жолдама алғандар бәсекесін 4 қазаннан бастап «Хабар» арнасынан көруге болады.

«Топжарған» байқауының тұсауы кесілгеніне көп уақыт өтпесе де, музыкалық бағыттағы тележобалар арасында ойып тұрып өз орнын алып үлгерді. Әсіресе, қатысушылардың кәсіби деңгейі мен жанды дауыста орындалған әндері ерекше әсер қалдырды. Осыны ескерген жоба басшылары оны әрі қарай жалғай түсіп, талантты орындаушылардың тағы бір толқынын шыңдауды жөн көрді.

Данагүл Әлғожина, «Топжарған» жобасының менеджері:

– Біздің басқа музыкалық жобалардан ерекшелігіміз – бірінші бағдарламадан бастап, 4 үздік финалист болады. Яғни біз оларды кастинг уақытында анықтап аламыз. Оларға қойылатын басты талап – халықаралық дәрежедегі байқаулардың жеңімпаздары болу керек. Біздің кастингке мыңдаған адам қатысты.

Іріктеу сындары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтті. Ал қатысуға ниет танытқандар арасында жерлестерімізден бөлек, шетелдерден арнайы келгендер де бар. Енді мықтылары «Хабар» арнасының арнайы алаңында бірнеше ай бойы өзара үздікті анықтайды.

Мәди Сыздықов, жобаға қатысушы:

– Әділқазылар алдына барып, өз өнерімді көрсеттім. Бір өлең айттым. Маған бір айдан кейін өздері хабарласты. Осы жобаға өттіңіз деп, әрине қуандым. Дайындығым өте күшті. Мен өз-өзіме сенімдімін. Өйткені мен осы жобаға бір жыл бойы дайындалдым. Енді алдағы уақытта өз өнерімді көрсетем деген үміттемін.

«Топжарған» байқауы 4 қазанда 21:40-та басталады және әр жұма сайын қалың көрерменге жол тартады. Ал шешуші финалдық сын жаңа жыл қарсаңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ермек Кеншебек

Хабар 24 телеарнасы