389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында аудандық маңыздағы көлік жолдары жарықтандырылуда

  • 208
Маңғыстау облысында аудандық маңыздағы көлік жолдары жарықтандырылуда

Маңғыстау облысында аудандық маңыздағы көлік жолы жарықтандырылып жатыр.

Бұл трасса Мұнайлы орталығын Қарақия ауданымен қосады. Жаңаөзен тұрғындары да теміржол вокзалына осы төте жолмен келеді. Енді оның жиегіне отандық үлгідегі шамдар орнатылып жатыр. Жалпы Маңғыстау елді мекенінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 11 жоба қолға алынған. Жалпы құны 36 млн теңгеге жуық бес жоба ауыл көшелерін жарықтандыруды көздейді. Биылғы жылы бес шақырым жолдың бойына электр бағандары қойылады. Жұмыстары өткен тамыз айында басталды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталуы керек.

Жексенбай Жұмабаев, ауыл тұрғыны:

– Бұл арада 3-4 көше бар. Кешкілік қиындау. Осы жылдың аяғына дейін көшелерді жарықтандыруға атсалысып жатыр. Қазір жұмыстары жақсы жүріп жатыр.

Махмұд Қалжанов, Маңғыстау ауылының әкімі:

– Өзіңіз көріп тұрған жол, бұрынғы Маңғыстау ауылындағы теміржол вокзалына баратын жалғыз жол болатын. Бұған дейін мұнда көше шамдары орнатылмаған. Жақында осы жарықтандыру мәселесі бойынша жаңадан шамдарды орнатып жатырмыз. Бұл облыстық маңызы бар жолдарға жатады.

Хабар 24 телеарнасы