389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ет бағасы 2500 теңгеге дейін көтерілді

  • 206
  • UPD: 07:35, 30.09.2019
Түркістан облысында ет бағасы 2500 теңгеге дейін көтерілді obzor.io

Жақында ғана жергілікті атқамінерлер «жыл басынан бері 12 мың тонна ет экспорттап, 100 мың тонна ет өнімін өндірдік» деп бөркін аспанға атқан еді.

«Қымбатшылық екі бүйірден қысып барады. Қазірдің өзінде баға шарықтап тұр, ертең қыс келгенде не болмақ?», дейді көңілі алаңдаулы өңір тұрғындары. Облыстық статистика департаменті басшысының айтуынша, бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының да бағасы өскен. Ал облыстық тұрақтандыру қоры басшылығының мәліметі бойынша қазір қоймада 10428 тонна қосалқы өнім сақтаулы. Оның 4253 тоннасы картоп, 3718 тоннасы ұн, 2 мың тоннасы сәбіз бен пияз және 11 тоннасы қырыққабат. Сондай-ақ тағы да 341 тонна құмшекер мен 9 тонна қарақұмық жармасы бар. Бұдан бөлек, қор басшылығы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында қорға тиесілі 250 млн теңгеден астам қаражат тұрғанын айтады. «Бұл – облыста азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырып, жағдайды бірқалыпты ұстап отыруға мүмкіндік береді», дейді. Сонымен қатар өңірде тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге бағытталған жаңа механизм іске асырылуда.

Хабар 24 телеарнасы