389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жергілікті ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді

  • 218
  • UPD: 07:51, 30.09.2019
Ақтөбе облысында жергілікті ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді

Ақтөбе облысында жергілікті жерде өндірілген ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді.

Бұны жыл басынан бері өткізілген жәрмеңкелердің қортындысы көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қала мен аудан орталықтарында 384 жәрмеңке өтіп, 886 млн теңгенің өнімі саудаға шығарылған. Негізінен ет, сүт, көкөніс және өзге де азық-түлік түрлері. Ақтөбелік шаруа қожалықтары мен ірі өндірушілер жуырда елорда тұрғындарына да өз тауарларын ұсынды. Қазір облыстағы әр аудан кезектесіп Ақтөбеде жәрмеңке өткізуді бастаған. Сәйкесінше, мұндағы баға өзге сауда орындарымен салыстырғанда 10-15%-ке арзан.

Нұрсұлтан Исембайұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Ақтөбе қаласында «Табыс» коммуналдық базарында әр аптаның сенбі күнінде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Өзімізде өндірілетін өнімдердің жергілікті тұрғындарға тиімді бағамен, қолжетімді бағамен сату, жалпы нарықтағы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын ұстау және де өзіміздің жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы