389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тұрақтандыру қорына 635 тонна өнім алынған

  • 202
  • UPD: 09:21, 30.09.2019
Алматы облысында тұрақтандыру қорына 635 тонна өнім алынған

Алматы облыстық «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры қыс азығын қамдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бүгінгі күнге дейін 635 тонна қант, картоп пен пияз сатып алған. Жетісу жерінде өсірілген тауарлар қоймада сақтаулы тұр. Енді сала мамандары өзге де азық-түлік түрлерін алады. Бұл жұмыстар күзгі жиын-терім науқаны аяқталған соң жүргізілмек. Өнім қыс кезінде арзандатылған бағамен нарыққа шығарылып, тауар құнын тұрақтандыруға  ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы бұл мекеме 386 млн теңгеге әлеуметтік азық-түлік қорын алған болатын. Биыл да сол көлемде жинау жоспарланып отыр.

Бақтияр сембеков, «Жетісу» ӘКК департамент директоры:

- Күріш, ұн, май т.б. өнім алынатын болады. Оның сомасы мен көлемін арнайы комиссия анықтайтын болады. Мысалы, өткен жылы 2 мың тоннадан астам өнім алынған болатын.

Хабар 24 телеарнасы