389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өңірлерден келетін жәрмеңкелерде тазалық талаптары сақталмайды

  • 167
  • UPD: 11:31, 30.09.2019

Алыстан кіре тартып, зат әкелгендерге деген құрмет қандай?

Енді осы жағына үңілсек. Елорда тарапынан тазалық талаптары сақталмайды, салмақ өлшеуде алдайды және бағасы нарықтағыдан арзан емес деген де пікір айтылады екен. Анық-қанығына қалай көз жеткіземіз? Мәселенің мән-жайын білу үшін «Хабар 24» тілшісі Аслан Қаженов демалыс күндері біраз жәрмеңке аралаған болатын.

Елордаданың қақ төрінде орналасқан жәрмеңекеге өз өңірлеріміздің өнімдері әкеліну керек еді. Бірақ саудаланып жатқан азық-түлік арасынан Қырғызстанның құлпынайын, Укранинаның ірімшігін және тағы біраз шетелдік тауарларды кездестіруге болады.

Әдетте ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде баға нарықтағыдан 20-30% арзан болады. Басы-қасында жүргендер солай жарнамалап жатады. Өйткені сауда орындары тегін беріледі, ортада делдалдар болмайды деген сияқты. «Бірақ іс-жүзінде жағдай басқа», - дейді жұрт.

Блиц 1:

- Біздің базарда да баға осындай сияқты.

Блиц 2:

- Қымбаттау. Біз базардан алып үйрендік. Бірақ мынадай болғаны жақсы ғой. Көп болғаны жақсы.

Ал, енді санитарлық талаптарға қатысты. Әрине, бұл мәселені бақылау біздің құзыретімізге кірмейді. Сондықтан мына көріністерді ғана ұсына аламыз

Әлеуметтік желідерде азық-түлік салмағын өлшеудегі түрлі қитұрқылықтар жайында да жиі айтылады. Тіпті өте қызу талқыланатын тақырып деуге болады. Бірақ сауалнама барысында саудагерлер оны бірауыздан  жоққа шығарды. Ал жәрмеңке аумағынан бақылау таразысын таппадық.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы