389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда сот істері электронды форматқа көшіріледі

  • 215
  • UPD: 13:32, 30.09.2019
Қазақстанда сот істері электронды форматқа көшіріледі матрица.кз

Құқықбұзушылықтар тіркелен сәтінен бастап сот шешім шығарғанға дейінгі барлық қылмыстық сот ісін жүргізу үрдісі мен жазаның орындалуы электронды форматқа көшіріледі.

«Қылмыстық істердің бірнеше түрлері құжаттардың арасында ауысып кеткен, жоғалып кеткен жағдайлар болды. Соның барлығын қазір базаға тіркеу арқылы ондай сәттерге жол бермейміз», - деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбаев.

Өз сөзінде қағаз түрінде бар, бірақ ақпараттық жүйеге ауыспай қалған құжаттар да табылғанын айтып өтті.

Ал 2021 жылы қылмыстың барлық санаттары бойынша тергеуді автоматтандыру жоспарлануда.

Айта кетсек, елімізде 2017 жылдан бастап «Электронды қылмыстық іс жобасы» жүзеге асырылып жатыр.

Автор: Динара Доспан

 

Хабар 24 телеарнасы