389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында асыл тұқымды мал басы артып келеді

  • 186
  • UPD: 16:35, 30.09.2019

Биыл өңір шаруалары «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 1700-ден астам ірі қара сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін тағы 2 мыңға жуық сиыр әкелінеді. Нәтижесінде еліміздегі ет экспорты еселеп артуы тиіс.

Қазыналы Қарағанды өңірі ата-кәсіп мал шаруашылығын өрістетіп келеді. Облыста асыл тұқымды сиыр сатып алып, ірі қара санын арттыруға жайлы жағдай жасалып отыр. Былтырдың өзінде 100-ге тарта қожалық «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп үлгерді. Сырттан сатып алынған сиырлардың күйі де жақсы. «Суыққа төзімді әрі тез салмақ жинайды», - дейді шаруалар.

Алтай Әбішев, шаруа қожалығының басшысы:

Ресейден 104 бас ангус қара малын әкелдік. Мінекей, 5-6 ай болды. Біздің жерге төзімді. Бірінші партиясы бұзаулап жатыр. Жақсы біздің шөпке төзімді.

Облыстағы асыл тұқымды сиырлар саны биыл да артуы тиіс. Бұл мақсатқа Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 2500 теңге бөлінген.

Асқарбек Мақсұмхан, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры:

Ірі қара бойынша 44 шаруашылықтың өтініші қабылданды. 2800 басқа. Оның ішінде 1700 басты қаржыландырып үлгерді.

Шаруаларға ұсынылатын несие 15 жылға беріледі. Проценттік мөлшерлеменің басым бөлігін үкімет субсидиялайды. Қаржыға төрт түлікпен қоса, қажетті техника мен мал азығын сатып алуға болады.

Жақсылық Сопыжанов, шаруа қожалығының басшысы:

Бір жылдан асты. 14%-пен алды. 10%-і субисидиялады. Негізгі қарызды жауып жатырмыз. Бұл өте тиімді. Бастаймын деген шаруаға қолдау беріп тұр бұл «Сыбаға» бағдарламасы.

Облыс бойынша биыл тағы 1 800 бас сиыр сатып алынады. Асыл тұқымды ірі қара арқылы ет экспорты артуы қажет. Ал шаруаларға қойылатын басты талап: қора-жай және талапқа сай жайылымдық жер болуы тиіс.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы