389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПМУ жатақхананың жылдық тарифін 30%-ке арзандатты

  • 196
  • UPD: 16:26, 30.09.2019

Павлодар мемлекеттік университеті жатақхананың жылдық тарифін 30%-ке арзандатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастамаға жоғары оқу орнының жастары мұрындық болған. Нақтырақ айтқанда, жатақхана бағасы мәселесін студенттік декандық қызметіне үміткер студенттер ғылыми кеңес барысында көтеріп, өтініш білдірген.

Айта кетейік, бүгінде жоғары оқу орнында жаңа форматқа ауысу процесі жүріп жатыр. Оның шеңберінде белсенді жастар студенттік декан қызметіне тағайындалып, білім беру процесіне қатысуға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда университетте 860 орындық екі жатақхана бар. Жылдық құны 120 мың теңге болса, енді 80 мың теңгеге арзандады. Бұл Қазақстандағы ең арзан тарифтердің бірі. Бұған дейін жатақханада тұру бағасы екі жыл бұрын төмендеген.

Дархан Қаржаубай, С.Торайғыров атындағы ПМУ жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі  департаменттің директоры:

- Университеттің ғылыми кеңес мүшелерінің басым бөлігі бұл бастаманы қолдады. Тариф қазан айынан бастап 30%-ке арзандады. Біздің студенттердің қатарында «Серпін» бағдарламасының қатысушылары, ауылдан келген аз қамтылған жастар көп. Бұл оларға зор қолдау.

Диана Махамбетова, ПМУ студенті:

- Бұл жаңалық, біріншіден, менің ата-анама өте жақсы болды. Екіншіден, өзіме. Себебі, мен өзім қазір грантта оқимын, ал қалған ақшаны өзге, басқа жақтарға жұмсаймын. Өте жақсы жаңалық.

Хабар 24 телеарнасы