389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Қазақстанның 100 жаңа есімінің үшінші кезеңіне өтінім қабылдау басталады

  • 160
  • UPD: 16:37, 30.09.2019

Жоба биыл жастар жылына арналады. Оған 39 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобада білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастар көпшілікке насихатталатын болады. Оған қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтына кіріп, сауалнама толтырасыз.

Атап айтқанда, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасын өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздардан тұратын «Бюро 100» командасы қолдап отыр. Олар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына баруды көздейді. Өтінімдерді қабылдау 1 қазаннан 20 қазанға дейін жалғасады. Жоба нәтижелері биыл желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін таныстырылымда жарияланады. Ал екі жылдың ішінде бұл жобаға 5 мыңға жуық адам қатысқан.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Үлкен жобаны бастағалы жатырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан екі жыл бұрын Елбасы «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық етті. Осы орайда соның аясында «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезеңін бастамақпыз. Бұл жоба қоғамның дамуына өзінің үлкен ықпалын тиігізіп келеді, сондықтан оны жалғастыруға бел будық.

Хабар 24 телеарнасы