389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аз ғана уақытта тұтас бір қаланы қайта аяққа тұрғызу бірлігімізді айшықтады − Өмірзақ Шөкеев

  • 323
  • UPD: 15:43, 30.09.2019
Аз ғана уақытта тұтас бір қаланы қайта аяққа тұрғызу бірлігімізді айшықтады − Өмірзақ Шөкеев

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан құрылысшылар жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласындағы қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілген 17 сектордың барлығында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

«Үш айда толық жаңарған Арыс қаласында жүргізілген ауқымды жұмыс бәріміз үшін бұрын соңды болмаған баға жетпес тәжірибе болды. Аз ғана уақытта тұтас бір қаланы қайта аяққа тұрғызу тарихта болмаған. Бұл еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықты айшықтайтын көрініс. Мұндай жағдай енді қайтып басымызға түспесін», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста өткен жоспарлы аппараттық жиынында.

Арыста болған жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, оның 500-ге жуығы мүлдем жарамсыз күйге түскен болатын. Қазір құрылыс аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы