389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында апаттан жараланған оқушылардың жағдайы орташа

  • 166
  • UPD: 22:29, 30.09.2019

Алматыда Таңбалы тас шатқалына бара жатып, жол апатына ұшыраған оқушылардың жағдайы орташа. Балалардың барлығы есін біледі.

Қазір тиісті ем алып жатыр. Бұл туралы дәрігерлер хабарлады. Қазір ауруханада 5 бала жатыр. Төртеуінің миы шайқалып, біреуінің бірінші бел омыртқасы сынған. Естеріңізге сала кетейік, ішінде 47 оқушысы бар автобус Таңбалы тасқа бара жатып, жол шетіне шығып кеткен еді. Көліктің алдынан кенеттен жылқы шыға келіп, жүргізуші оны айналып өтпек болыпты. 

Дінмұхаммед  Рузиддинов, «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» бас дәрігерінің орынбасары: 

- Бас миының шайқалуымен жатқан балдар енді орташа 5-7 күннің шамасында үйге шығарамыз деп отырмыз. Бел аймағының сынығымен сәл көбірек жатады. Құдай қаласа бәрі дұрыс болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы