389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы еліміздегі қылмыстық істердің барлығы электронды форматта жүргізіледі

  • 181
  • UPD: 16:49, 30.09.2019
2021 жылы еліміздегі қылмыстық істердің барлығы электронды форматта жүргізіледі

Қазір бұл істердің жалпы көрсеткіштегі үлесі 18 проценттің шамасында. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңін электронды форматқа көшіру бас прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап құқық қорғау органдары аса ауыр емес қылмыс түрлеріне қатысты тергеуді электронды түрде жүргізіп келеді. Ал биыл бұл тізімге орта санаттағы қылмыстар да қосылды. Бұдан бөлек Бас прокуратура өкілі басқа жобалар жөнінде де айтты. 

Бағлан Бекбауов, ҚР Бас прокуратурасы комитет төрағасының орынбасары:

- Қазір «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына кірген 5 ірі жобаны біз жүзеге асырудамыз. Олар электронды қылмыстық іс, электрондық әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізімі, тексеру субьектілері мен обьектілердің бірыңғай тізімі, электрондық өтініштер және аналитикалық орталық.

Хабар 24 телеарнасы