389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде нан қымбаттауы мүмкін

  • 203
  • UPD: 18:26, 30.09.2019

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері биыл егін бітік шыққанымен көбі күн райының қолайсыздығынан жарамсыз болып қалды дейді.

Былтыр диқандар 20,3 млн тонна астық жинады. Биыл бұл көрсеткіш 17 млн тоннаға жуықтап қалады. Астықтың аз жиналуына Қостанайдағы егіннің күйіп кетуі себеп. Шіліңгір шілдеде ондағы бидайдың дені жарамсыз болып қалған. Диқандар әр гектардан бар-жоғы 3,4 центнерден өнім алды. Бірақ ведомство өкілдері нан бағасын қымбаттатпау үшін қолдан келген шараны жасап жатырмыз деп сендірді. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Әлі 20 пайыз жинау керек. Нан қымбаттайды деп айту әлі ертерек. Нанның бағасы әзірге тұрақты. Қымбаттаса, аздап қымбаттар. Ол үшін корпорация бидай сатып алып жатыр. Бағаны ұстап тұру үшін.

Хабар 24 телеарнасы