389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апат: Анасы мен балаларының жағдайы белгілі болды

  • 462
  • UPD: 23:06, 30.09.2019

Алматы облысының Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен үш адамның беті бері қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 жасар баланың жағдайы ауыр. Дегенмен, күннен күнге динамикасы жақсарып келеді, сөйлей алады, тамақ ішеді. 3 жастағы екінші қыз комада жатыр. Дегенмен, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Қазір өздігінен дем алады. №7 қалалық клиникалық ауруханада қос қыздың анасына ота жасалды. Жағдайы орташа, операция сәтті өтті, динамикасы жақсарды», - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, 15 қыркүйек күні Шамалған стансциясындағы теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Олар анасы мен 5 және 3 жастағы балалар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

Хабар 24 телеарнасы